28-шағынауданда
салынған жаңа мектеп Шевченко
қалалық халық депутаттары кеңесі атқару
комитетінің 1989 жылғы 5 маусымдағы
№351 шешімімен
қазақ-орыс тілінде оқытылатын №20 жалпы
білім беру орта мектебі болып ашылды.
Сөйтіп, алғашқы оқу жылын 1275 қазақ тілді,
1384 орыс тілді оқушы болып бастады. Ұжым
құрамы 121 мұғалімді қамтыды. АҚББ
12.06.1989 жылы №1 бұйрығы бойынша мектеп
директоры болып Б.Р.Ихсанов тағайындалды.
1992 жылдан бастап мектепте оқыту тек
қазақ тілінде жүргізілетін болды.
1989-1990,
1990-1991 оқу жылдарында мектеп әкімшілігі
жаңа ұжымның құрамы мен іскерлік
қабілеттерін терең зерттеп, өндірістік
жоспардың жұмыс стилінің бағыттарын
анықтап алды. Бағыттың негізгі мақсаты
жаңа мектеп оқушыларының қай пәннен
білім деңгейі төмен Зерттеу нәтижесінде
бұл бағыттар да анықталды. Жаңа талаптарға
бастатқан басты бағыттар былайша
сатыланды:
-
теңдестіру жұмысын жүргізуге даярлық жасау;
-
әр мұғалімнің алдына қойған проблемасының болуы;
-
шығармашылықпен жұмыс жасауға қабілеті бар озат мұғалімдерді анықтау;
-
озат тәжірибелі мұғалімдердің қалалық, облыстық іс-шараларға қатысуға деген ынталарын ояту, іздеу бағыттарындағы талаптарын арттыру;
-
озық тәжірибені насихаттау екендігін анықтау және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін білу болды.
1992-1993 оқу
жылынан бастап, тереңдетіп оқыту жүйесі
ұйымдастырылды: қазақ, орыс тілдері
және математика пәндері тереңдетіліп,
бастауыш сыныптардан бастап ағылшын
тілі мен информатика пәнін оқыту
енгізілді. Облыстық «Дарын» бағдарламасын
басшылыққа алып, дарынды балалар
іріктеліп, жеке оқыту топтары құрылды.
Мұғалімдердің
қалалық, облыстық деңгейдегі педоқуларға,
идеялық аукциондарға, «Жыл мұғалімі»
конкурстарына қатысуларына жағдай
жасалды. Білікті, озат мұғалімдерді
насихаттаумен қатар, жас мұғалімдер
арасында көрінген таланттарды көтермелеу
жүзеге асырылды.
Соңғы жаңалықтар




Сілтемелер

Tilmedia.kz
Tilmedia.kz

Абай институты
abai.institute

Tilqural.kz
tilqural.kz

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz

Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz