Мектеп директоры

  Наурызбаев Орынбасар Кызылгулович   1971 жылы 9 сәуірде Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келді.

1977-1978 оқу жылында Тұрыш ауылындағы Сам орта мектебінің 1–сыныбына қабылданды. Аталған мектептен негігі орта білімді алып, 1986/1987 оқу жылында Жанкелдин атындағы орта мектептен орта білім алды.

1988-1989 оқу жылында Маңғыстау ауданы Шетпе кәсіптік-техникалық учелищесінде арнаулы орта білім алды.

1989–1994 жылдар аралығында Атырау педагогикалық институтының физика және математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алды.

1994–2001 жылдар аралығында Жанкелдин атындағы орта мектепте мұғалім, 1996–2000 жылдары аудандық маслихаттың депутаты,  2001–2002 жылдары Бейнеу жастар орталығының директоры,  2002–2003 жылдары Бейнеу орта мектебінің директоры, 2003–2010 жылдары Бейнеу лицейінің директоры, 2010–2018 жылдары Бейнеу ауданы білім бөлімінің басшысы, 2018–2019 жылдары Ақтау қалалық дамыту орталығыны директорының орынбасары,  2019–2022 жылдары Маңғыстау облысы Балалар ауылының директоры қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда Ақтау қаласы білім бөлімінің №20 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры қызметіндемін.

Осы кезеңдерде мынадай марапаттауларға ие болған: Аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы – 1998ж, «Тәуелсіздікке 10 жыл» ҚР Президентінің алғыс хаты – 2001 жыл, Білім басқармасының Құрмет грамотасы – 2009 жыл, Бейнеу ауданы әкімінің алғысы – 2010 жыл, Маңғыстау әкімінің алғысы – 2011 жыл, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі – 2016 жыл, ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекелік медалі – 2016 жыл, Ақтау қаласы әкімінің Алғысы – 2022 жыл.

Сонымен қатар бірнеше республикалық, облыстық біліктілік курстардан өтіп, білімін жетілдіріп отырған.

 

Соңғы жаңалықтар